- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Дүйсенова: 10 жыл ішінде Қазақстанда өлім көрсеткіші 15,3 %-ға төмендеді
Т.Дүйсенова: 10 жыл ішінде Қазақстанда өлім көрсеткіші 15,3 %-ға төмендеді
«Екі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде (2005-2010 және 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламалар) күтілетін өмір сүру ұзақтығы 71 жастан асты, халықтың жалпы өлім-жітім көрсеткіші 15,3%-ке төмендеп, ана мен сәби өлімі 1,8 есеге азайды»,-деді ол.
Министр өз сөзінде Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің алдына Қазақстандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығын 2020 жылға қарай 73 жасқа дейін ұлғайтуды мақсат етіп қойғанын еске салғандығын айтып өтті.
«Анықтаманың нәтижесі бойынша 2050 жылға дейін хылақ санының өсуі күтілуде»,-деді министр.
Министр өз сөзінде Денсаулық сақтау көрсеткіштерінің оң динамикасына факторлар бар екендігін айтып өтті.
«Қазірде Қазақстанда амбулаторлық және стационарлық деңгейде халықтың медициналық қызметке жүгіну көрсеткіші жоғары. Сонымен қатар, стационарда емделу шығыны бөлінетін барлық қаражат сомасының 50%-дан астам бөлігін құрап отыр. ЭЫДҰ елдерінде бұл сома жалпы қаражаттың тек үштен бір бөлігін құрайды. Бүгінде бір пациентті стационарлық емдеу құны аурудың ерте кезеңіндегі медициналық көмектің өзге түрін үш адамға көрсеткен жағдайдағы сомаға сай келеді»,-деді ол.
Сонымен қатар, біздің елімізде дүние жүзіндегі өзге де мемлекеттердегідей жұқпалы емес аурулар деңгейінің көрсеткіші артып келеді. Өлім-жітім құрылымындағы жағдайлардың жартысынан астамы қан айналым жүйесінің аурулары (26%), қатерлі ісік аурулары (13%), жарақаттар (11%); босандыру пен балалыққа (3,6%) байланысты болып отыр. Сарапшылардың паймдауынша, аталған нозологиялардан болатын өлім-жітім күтілетін өмір сүру ұзақтығын 8 есеге дейін азайтады.
Индира Қауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады