ҚР ИДМ Болгарияның іскерлік тобын АХҚО аясында ынтымақтастыққа шақырды

9 Маусым, 2016 16:09
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы, ЭКСПО-2017, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Ерлан Хаиров Астанада өткен қазақстандық-болгарлық бизнес формум барысында мәлім етті.

«2017 жылы Қазақстан ЭКСПО-2017 халақаралық мамандандырылған көрменің алаңына айналады. Көрме алаңында алдағы уақытта «Астана» халақаралық қаржы орталығы жұмыс жасайтын болады. Инвесторлар үшін ағылшын құқытарына негізделген инвестициялық даулардың құқықтық реттеулерін ұсынамыз, ол ағылшын тілінде талқыланады, ол жерге шетелдік судьялар тартылады»,-деді Е.Хаиров.

Оның айтуы бойынша, аталмыш шараларды меңгеру инвестициялық қызметтің өсуіне ықпал етеді және бизнесті жасау үшін тиісті жағдай жасайды, сонымен қатар лдің инвестициялық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Біз Болгарияның іскерлік тобын біріккен жоларды іске асыруда белсене қатысуға шақырамыз. Біз инвестициялық қолдаудың толық спектрін және толық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге дайын»,-деді вице-министр.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар