- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Әбдіқалықова Варшавада өтетін Жаһандық әйелдер саммитіне қатысады
Г.Әбдіқалықова Варшавада өтетін Жаһандық әйелдер саммитіне қатысады
Министрлік деңгейіндегі алқалы жиында сөйлеген сөзінде Г.Әбдіқалықова «Қазақстан-2050» стратегиясында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев еліміздің алдына әлемнің ең озық отыз мемлекетінің қатарына қосылу жөнінде міндет қойғанын атап өтті. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанда мемлекеттің есептілігін арттыруға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, экономиканың әртараптандырылуына және адами капиталдың жан-жақты дамуына бағытталған ауқымды институционалдық реформалар жүргізілуде.
Мемлекеттік хатшы Қазақстанда қазіргі заманғы инклюзивтік экономиканың дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын айтты. «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020», жеңілдікпен несиелеу бағдарламалары, оның ішінде Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкімен бірлескен жобалар арқылы мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда.
Г.Әбдіқалықова жасалып жатқан шаралар әйелдердің ел экономикасын дамыту ісіне қатысу үлесін арттыруға мүмкіндік туғызғанын атап көрсетті. Бүгінде әйелдердің бизнестегі үлесі – 50%, ал 42%-ы шағын және орта бизнес кәсіпорындарын басқарып отыр. Әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 2006 жылғы 9,2%-дан 2015 жылғы 5,6%-ға дейін, ал еңбекақының гендерлік алшақтығы 2006 жылғы 62%-дан 2015 жылғы 67%-ға дейін азайды. Қазақстан «Жұмыс істеп жатқан әйелдер, ерлермен салыстырмалы үлесі» атты көрсеткіш бойынша, 2015 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 26-шы орынға ие болды.
Саммит шеңберінде Мемлекеттік хатшы Польша Республикасының Премьер-министрі Б.Шыдломен кездесті. Тараптар Қазақстан-Польша қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы Польшаның Казақстан үшін Еуропалық одақтағы, Орталық және Шығыс Еуропадағы маңызды серіктес екенін айта келіп, ел басшылығы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қолдау көрсеткеніне және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысатын болғанына ризашылық білдірді.
Польша Республикасы Президентінің жұбайы А.Корнхаузер-Дудамен кездесу барысында Г.Әбдіқалықова Бірінші ханымға Саммиттің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін Саммиттің Құрметті Патроны ретінде алғысын білдірді. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы екі ел арасында білім саласындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Білім саласындағы екіжақты үкіметаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда Варшава, Краков, Лодзи, Познань және Жешув университеттерінде 500-ден астам қазақстандық студент білім алуда.
Саммиттің алдағы екі күнінде Мемлекеттік хатшы Германия, Франция, Вьетнам, Малайзия елдері делегация басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Қоршаған ортаны қорғаудың жаһандық проблемасы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
Әйелдер зорлық-зомбылығы: дене автономиясы, "shyn.kz" жобасы, жасөспірімдер арасындағы жүктілік -
Әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай құтқарылады -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
Мейрамхан Жәпек, журналист: Әйелдер қосымша білім алудан қорықпау керек -
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау: Үздiк бизнес-идеяға аpналған конкуpстың шарттары қандай -
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды