- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да жаңа оқу жылында 7 мектеп пайдалануға беріледі
ШҚО-да жаңа оқу жылында 7 мектеп пайдалануға беріледі
9 Маусым, 2016 19:54
Шығыс Қазақстан облысында 2016 жылы 7 жаңа мектеп ашылады. Олардың бесеуі 1 қыркүйекте тапсырылса, қалған екеуі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Облыста апаттық жағдайдағы мектептерді жою бойынша мақсатты жұмыс атқарылуда. Биыл пайдалануға берілетін жеті мектептің алтауы, апаттық жағдайдағы орта білім беру мекемелерінің орнына салынуда. Сонымен қатар, 2017 жылы қосымша үш мектеп салынады деп жоспарлануда.
Үржар ауданының Үржар және Қабанбай, Тарбағатай ауданының Жетіарал, Ұлан ауданының Таврия ауылдарының және Курчатов қаласының оқушылары жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастайды. Жыл соңына дейін Күршім және Үржар аудандарындағы екі мектептің құрылысы аяқталады.
Айта кету керек, Тарбағатай, Ұлан аудандары мен Курчатов қалаларындағы білім беру нысандары «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде салынуда.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер