- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің жетінші күні өткізілді
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеудің жетінші күні өткізілді
Тестілеу жетінші күні 3 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.
Тестілеудің жеті күнінде мүмкін болған 125 балды 19 бітіруші жинады.
Тестілеудің жеті күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 38 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде: ұялы байланыс телефондарын пайдалану – 19 бітіруші; емтихан материалдарын бүлдіру – 1 бітіруші;сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру – 17 бітіруші;
тестілеуге бітірушінің орнына бөгде адамның кіруге әрекет етуі – 1 бітіруші.
Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.
Тестілеудің алты күнінде (3-8 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 539 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 138 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің жеті күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,16%-ын құрайды.
Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.
Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі: әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы; техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.
Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері