- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-ң цифрлы технология саласы дамыған әлем елдерінің нарығын қуып жетеді
ҚР-ң цифрлы технология саласы дамыған әлем елдерінің нарығын қуып жетеді
«Технологиялық тренд туралы айтатын болсақ, онда мен цифрлы технологияны атар едім. Қазақстанның цифрлы технологиясы өзінің кемелдігімен әлемнің дамыған елдерінің нарығын қуып жететіні көрініп-ақ тұр. Бүгінгі таңда цифрлы технология барлық жерде қажет болады. Әсіресе, белгілі деңгейде цифрлы технологияның экономикада және мемлекеттік басқаруда да қажеттілі артып келе жатқанын байқап отырмыз. Бұрын ресурс сыйымдылығын санаған болса, бүгінгі таңда біздің технология банктерде, дистрибуцияларда өте үлкен қажеттілікке ие»,-деді М.Ламсков.
Қазақстандағы SAP басшысы атап өткендей, 3-5 жылдан кейін республикада компанияның қажеттілігі артатын сала – ол мемлекеттік басқару саласы болады.
«Біздің дамыған елдермен ынтымақтастығымыздың тәжірибесіне негізделген, бүгінгі таңда цифрлық стратегияны иеленген және қолданып отырған сала ол мемлекеттік басқару саласы. Осы цифрлы технологияны қолдану арқылы көптеген жұмыстардың ашық әрі тиімді болатыны сөзсіз», - деп түсіндірді ол.
Осыған орай ол, елде қазір «Цифрлы Қазақстан 2020» бағдарламасы жасалып жатқанын атап өтті. Келесі кезеңде сол жұмыстарды дамыту басталады. Электронды үкіметте қазір бір терезе қызметінен сервистік бағдарлау үкіметіне көше бастайды.
«Біз өзіміз үшін пайдалылығымызды көріп отырмыз. Цифрлы технологияның көмегімен бағдарланған тұтынушыға мемлекетті басқару ашықтығының мүмкіндігін арттыруға болады. Тұтынушы ретінде бәрінен бұрын біз мемлекеттік қызметті және мемлекеттік ұйымдарды қолданатын бизнес субъектілерін, азаматтарды түсіне аламыз»,-деді компания директоры.
Қорытындысында М. Ламсков мұндай мүмкіндікке көшу фундаментальді мәселелердің шешілуіне және азаматтардың мемлекетпен өзара түсіністігіне жеткізеді, деді.
Анара Таныркулова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді