• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев: Қазақстан тұрақтылық пен қатерге қарсы әрекеттерді сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолға алуда (ФОТО)

Б.Сағынтаев: Қазақстан тұрақтылық пен қатерге қарсы әрекеттерді сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолға алуда (ФОТО)

9 Маусым, 2016 12:38
Қазақстанда тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтауда, адамзат және әлемге төнген қауіп-қатерлердің барлық түрлеріне қарсы тұру үшін барлық қажетті шараларды жасалуда, деп ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев Елордадад қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ЕАТ 24-ші пленарлы отырысы барысында мәлім етті.

 «ЕАТбақылаушылары мен жаңа мүшелерінің әрбір кездесуі ұйымымыздың тарихында жаңа парақты ашуда. Бұл бізді ФАТФ жаһандық желісінің маңызды және ажырамас әріптес етеді.  ЕАТ-ның негізгі мақсаты қаржы жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттердің ақша жылыстату жүйесіне қарсы халықаралық күрес жүйесіндегі интеграция болып табылады. Біздің біріккен жұмысымыз, әрине,  трансшекаралық қылмыс деңгейін төмендету көмектесіп, ұлттық қаржы жүйелеріне азаматтар мен бизнестің сенімін нығайтады және біздің елдеріміздің инвестициялық тартымдылығын арттырады»,-деді бірінші вице-премьер.

Әлемде болып жатқан соңғы негативті оқиға Б.сағынтаевтың айтуы бойынша, жаңа террористік қауіп-қатерлердің пайда болуы өзара іс-қимыл және жаңа тиімді жолдардың  тетіктерін іздеуге мәжбүр етеді деп айтып өтті.

«Жаңартылған халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық заңнаманы бағалаудың жаңа екінші айналымына көшу ЕАТ-қа мүше-елдеріне заңа тапсырма қояды, олардың шешіміне жол табуды, әрине бір-бірімізге хабарлап отырып іздейтін боламыз. Айта кетейін, Қазақстан әртүрлі қылмыстық актілерге қарсы іс-шаралар жүйесін әзірлеуде ықпал етуге тырысады. Біз барлық тиісті халықаралық шарттар мен келісімдерді ратификацияладық. 2008 жылы ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық жүйе құрылды»,-деді ол.

Сонымен қатар, Б.Сағынтаев Қазақстан барлық мәселелер бойынша шетелдік серікстестерімен ашық диалог жасауға дайын екендігін және жаһандық күш-жігерге қарсы күресте басқа елдердің тәжірибесін зерделеп және олардың қолдану тәсілдерін бөлісуге дайын екендігін айтып өтті.

«Қаржылық мониторинг бойынша біздің комитет 2011 жылдан бастап  «Эдмонд» қаржылық барлау бөлімшелерінің мүшесі болып табылады, бұл  тез арада 150 елдермен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.Ұлыбритания, АҚШ, Австрия, Швеция , Ресей, Қырғызстан, Прибалтика және тағы басқа елдермен белсенді ынтымақтастық және ақпарат алмасу жүзеге асырылады»,-деді ол.

Естерінізге сала кетейік, 9-10 маусым аралығында Астанада Елордадад қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ЕАТ 24-ші пленарлы отырысы өтеді.

ЕАТ ақша жылыстатуға қарсы күрес қаржы шараларды әзірлеу топ түрінің аймақтық тобы болып келеді. Ол өзіне 9 мемлекетті кірістіреді – Еуразиялық серіктестің мүшелері: Реларусь Республикасы, Үнді Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қытай халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменістан және Өзбекстан Республикасы.

АЕТ мемлекет-мүшелерінен басқа шарада 15 басқа мемлекет және 18 халықаралық ұйым қатысады және оларда бақылаушы статусы бар. Олардың қатарына кіретіндер: БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Азия даму банкі, Ақшаны жылыстатумен қаржылық шараларын әзірлеу, Еуропа Кеңесі комитетінің Ақшаны жылыстатумен бағалау бойынша сарапшылары және тағы басқалар.

ЕАТ жалпы отырысы 2011 жылы ЕАТ туралы келісімге біздің Республикамыз қол қойған күннен бастап Қазақстан аумағында алғаш рет өткізіліп отыр.

Индира Кауметова

Фото Азамата Алиева

 

Барлық жаңалықтар