• Басты
  • Жаңалықтар
  • Транзиттік автомобильдер саласындағы жағдай Пекинде өткен транспорттық ынтымақтастық кеңесінің 8 отырысында талқыланды

Транзиттік автомобильдер саласындағы жағдай Пекинде өткен транспорттық ынтымақтастық кеңесінің 8 отырысында талқыланды

25 Қараша, 2013 17:17
Пекинде Көлік және коммуникация вице-министрі А. Бектұровтың және ҚХР көлік министрінің орынбасары Фэн Чжэнлиннің төрағалығымен өткен транспорттық ынтымақтастық кеңесінің 8 отырысы болып өтті, деп Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кездесу барысында тараптар екіжақты  көліктік ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізді. Оның ішінде кеңейтілген автомобильді жолдармен жүк пен жолаушыларды тасымалдау жайы талқыланды. Сондай-ақ, осы саладағы екіжақты жоба туралы келісулер өткізілді», - делінген хабарламада.

Отырыстың қорытындысы бойынша, тараптар екіжақты транспорттық  ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды. 

Барлық жаңалықтар