- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 40 астам жеке сот орындаушылар халыққа қызмет көрсетуде
Жамбыл облысында 40 астам жеке сот орындаушылар халыққа қызмет көрсетуде
«Алғаш рет Жамбыл облысында 2011 жылдың 7 қарашасында, Жамбыл облысының жеке сот орындаушылар аймақтық алқасы құрылып, мемлекеттік тіркеуден өтті. Біздің де Жамбыл облысында 2015 жылдың 20-шы ақпанында жеке сот орындаушылардың республикалық палатасының филиалы ашылып, қазіргі таңда қарқынды жұмыс істеуде. Егер 2011 жылы облысымызда 3 жеке сот орындаушы ғана жұмыс істеп, олардың атқаруында 30 өндіріс болған болса, бүгінгі күні облысымызда қырықтан астам жеке сот орындаушылар халыққа қызмет көрсетуде және олардың атқаруында жалпы құны 45 млрд. тенгені құрайтын 60 мың атқару өндірісі бар»,- деді спикер.
Бүгінгі күнің ең басты жаңалықтарының бірі ол Әділет министірлігінің сайтында, атқару өндірісінің қатысушылары (борышкер мен өндіріп алушы) электрондық кабинеті құрылып, жұмыс істеп жатыр. Бұл кабинет арқылы азаматтар өзіне қатысты процессуалдық құжаттармен үйден шықпай ақ, сот орындаушының алдына бармай ақ таныса алады.
Жайықбай Шалдаровтың айтуынша, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, Заңның 138 бабымен жеке сот орындаушылар мен мемлекеттік сот орындаушылардың құзыреттері айқындалып, олардың орындауға қабылдайтын атқару құжаттарының санаттары белгіленді.
«Осылайша жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне, жеке және заңды тұлғалардың пайдасына (оның ішінде алимент төлемдерінде) өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатқызылды. Бұл өзгерістер әрине бүгінгі күні өндіріп алушылар мен борышкерлер арасында түрлі түрлі сұрақтар туындатуда. Оған қоса жеке сот орындаушы еш кімге бағынбайды екен, заңды белшесінен басып білгенін істейді екен, жеке сот орындаушыға алимент төлемдерін өндіретін құжат тапсыру үшін ақша төлеу керек екен, деген әр түрлі алып қашпа әңгімелер де жеткілікті. Осы орайда Заңнамаға кірген негізгі өзгерістерді халыққа түсіндіру өзекті мәселе болып отыр»,- деп қорытындылады Ж.Шалдаров.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер