• Басты
  • Жаңалықтар
  • Токиода ғылым мен жаңа технологиялар саласындағы қазақстандық-жапондық ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды

Токиода ғылым мен жаңа технологиялар саласындағы қазақстандық-жапондық ынтымақтастықтың мәселелері талқыланды

9 Маусым, 2016 09:31
Жапонядағы Қазақстанның елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Жапоняның Үкімет мүшелері-Ғылым, технология, ғарыш және ақпараттық технология істері бойынша мемлекеттік министр Айко Шимаджиримен кездесті, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Жапон саясаттанушысы Қазақстанда 25 жыл ішінде өткізілген саяси және элеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға берді, сонымен қатар Қазақстан мен Жапония арасындағы достық қарым-қатынасты да жоғары бағалады.

«А.Шимаджири екі ел арасындағы іскерлік  және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың келешегін баса айтты»,-деп хабарламада айтылған.

Келіссөз барысында «Нұрлы жол» экономикалық саясатының тапсырмасы мен мақсатын ескере отырып, Қазақстанның аумағына жапон инвесторларын тарту және келешегі бар инфрақұрылымдық жобаларға олардың технологияларын жұмылдыру мәселелері талқыланды.

Барлық жаңалықтар