• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Кикнадзе: Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылдық шекарасына сенімді жетті

В.Кикнадзе: Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылдық шекарасына сенімді жетті

8 Маусым, 2016 18:09
Қазақстан сыртқы жіне ішкі жанжалдардан аулақ бола білді және өз халқын елінің 25 жылдық тәуелсіздігінің шекарасына жеткізді. Бұл туралы Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатыда И. Джавахишвили атындағы тарих және этнография институтының директоры (Грузия) Важа Кикнадзе айтты.

«Мен 1991 жылдан кейін Грузияға патшалық құрған қорқынышты хаостан Қазақстанның аулақ бола алғаны үшін ерекше бағалаймын. Қазақстан өтіп кеткен және бүгінге дейін жалғасып жатқан бейбітшілік процестерін өте жоғары бағалаймын. Бұл сөзсіз қазақ халқының және олардың көшбасшысының үлкен жетістігі. Біз сіздердің елдеріңізден үлгі ала аламыз»,-деп мәлімдеді ол.

Шетелдік сарапшы атап өткендей, Қазақстан сыртқы жіне ішкі жанжалдардан аулақ бола білді және өз халқын елінің 25 жылдық тәуелсіздігінің шекарасына жеткізді. Әрине бұл басшының еңбегі мен ел халқының берекесі.

Сонымен қатар, В.Кикнадзе Қазақстан мен Грузияның тарихи ортақтылығы мен жаңа тарихтың айырмашылығын атап өтті.

«Біздің және сіздің елдің көптеген ортақ тағдыры бар. Қаншалықты біз Кеңес Одағынан шықсақ та арамызда ерекшеліктер бар. Қазақстан алға жылжып кетті. Өйткені өкінішке қарай біздің Грузияда ішкі жанжалдар болып тұрады. Ол әрине мемлекеттің дамуына орасан зор зиянын тигізеді»,-деп атап өтті сарапшы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар