- Басты
- Жаңалықтар
- Терактыда қаза болғандарға байланысты ел аза тұтады
Терактыда қаза болғандарға байланысты ел аза тұтады
«Мен қайтыс болғандардың отбасыларына, туыс-туғандарына шын жүрегіммен көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер отан алдындағы антына адал болып, ел қауіпсіздігі жолында өшпес ерлік көрсетті. Олардың ерліктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланатын болады. Оның үстіне 4 азамат қайтыс болды, бәрі Ақтөбенің тұрғындары. Сондықтан, мен бейсенбі, 9 маусым күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын»,-деді Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласында болған террористік актілерге байланысты мәлімдемесінде.
Қаза болғандардың қатарында:

Максименко Андрей Владимирович, 1972-ші жылы туған, «Паллада» қару-жарақ дүкенінің сатушысы. Отбасы Ақтөбеде тұрады.

Онищенко Николай Александрович, 1947-ші жылы туған, бейтарап өтіп бара жатқан адам, «Паллада» дүкенінің алдында жарақаттанған, Ресей, Орынбор облысы, Сагарчик ауылының тумасы. Отбасы Ақтөбеде тұрады.

Тажибаев Мерхан Есенбаевич, 1983-ші жылы туған, «Кузет» жеке күзет қызметінің қызметкері, екі баласы қалды. Отбасы Ақтөбеде тұрады.

Матросов Михаил Витальевич, 1981-ші жылы туған, бейтарап өтіп баражатқан адам, «Пантера» дүкенінің алдында көз жұмды, 13 жастағы ұлы қалды. Отбасы Ақтөбеде тұрады.

Сапар Досбол Еркімбекұлы, 1997-ші жылы туған, военнослужащий срочной службы 6655 әскери бөлімінің жедел қызмет әскери қызметшісі. Отбасы ОҚО, Шардара ауданы, Көксу ауылында тұрады.

Майлыбаев Даниэль Акарысович, 1975-ші жылы туған, әскери қызметші, 6655 әскери бөлімшесінің офицері, Қызылорда облысының тумасы. Отбасы Алматыда тұрады.

Қалиев Берік Ерланович, 1978-ші жылы туған, 6655 әскери бөлімшесінің келісім-шарт әскери қызметшісі, төрт баласы қалды. Отбасы Оралда тұрады.
Қолда бар дерек бойынша, террорлық акт дінді жамылған радикалдардың ұйымдастыруымен болған.
«Біріншіден, біз кез-келген сипаттағы экстремизм мен терроризмге қарсы заңдарды қайта қарап, бұл құбылысқа қатаң тойтарыс беру жайын ойластыруымыз керек. Қолына қару алып, кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет. Екіншіден, елдігімізге сына қағатын зұлымдықтардың ымырасыз жолын кесуіміз қажет. Ел тыныштығын сақтамасақ мынадай әлемдік дағдарыстан өте алмаймыз. Сондықтан барша халық болып бірігіп, елді сақтауды ойлауымыз керек»,-деп атап өтті ҚР Президенті өз мәлімдемесінде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды