- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери оркестрлердің «Бейбітшілік кернейі» атты фестивалі ғаламат плац-концертпен аяқталды
Әскери оркестрлердің «Бейбітшілік кернейі» атты фестивалі ғаламат плац-концертпен аяқталды
ШЫҰ мүше мемлекеттері әскери үрмелі оркестрлерінің «Бейбітшілік кернейі» үшінші халықаралық фестивалінің ерекшелігі қатысушылардың қазақтың ұлттық нақыштағы әуездеріне аса мән беруі болды. «Біз концерттік бағдарлама және плац-концерт түрінде өнер көрсеттік. Бізді құшақ жая қарсы алды. Біз үшін бұл фестиваль өзіміздің мәдениетімізді көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге тәжірибе бөлісу үшін жақсы мүмкіндік. Әлбетте, өзге елдің сахнасында әрбір оркестрдің өз өнерлерін ортаға салуы өте жауапты іс. Биылғы жылы біз өзімізбен бірге «Қара жорға» биін алып келдік. Қазақстан мен Қырғыз елінің халқы бұл әнге би билейді. Біз бұл нөмірді плац-концертімізге қосып, осылайша, біздің халықтарымыздың бауырластығы мәңгі екендігін көрсеткіміз келді», - деді Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Армия орталық үйі әскери-көрсетпелі оркестрінің бастығы капитан Дастан Джуматай уулу. «Оркестрлердің дайындық деңгейі өте жақсы. Хас шеберліктеріне сөз жоқ. Біз қателіктер бойынша жұмыс жүргіземіз. Бірақ, осы фестивальға жоспарланған барлық дүниені орындап шықтық. Бүгінде музыканттарымыздың дайындық деңгейі жеткілікті дәрежеде. Біз – халықаралық фестивальдарға үнемі қатысып тұрамыз. Қазақстанның атын шығарып, жоғары деңгейді көрсетеміз. Осы жылы барлық күш-жігеріміз аталмыш фестивальға дайындалуға бағытталды. Сондай-ақ «Мәскеуде өтетін Спасск мұнарасы» фестиваліне қатысуды жоспарлап отырмыз», - деп ҚР ҚК ҰӘПО Орталық әскери оркестрінің бастығы аға лейтенант Алмас Ибрагимов алған әсерімен бөлісті. ШЫҰ қатысушы елдері әскери музыканттарының ғаламат байқауына Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы әскери оркестрлерінің жеке құрамы қатысып жатқанын айта кетейік.
-
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды