Ақмола облысының әкімі Словакия Республикасының елшісімен кездесті

8 Маусым, 2016 19:47
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Қазақстан Республикасындағы Словакия Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Петер Юзамен кездесті.

Әкім Ақмола облысын астана іргесіндегі аграрлы аймақ екенін атап өтті. Аймақтың АӨК-ні осы жылы 4 млн. 217,7 мың га дәнді дақылдар мен бұршақ дәнді дақылдарын егуді қамтамасыз етті. Барлық егіс егілген алқап 5 млн гектар. Облыс пен Словакия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2015-ші жылдың қаңтар-желтоқсанында 287,7 мың АҚШ болларын құраған. Бұл 2014-ші жылмен салыстырғанда 1,7 есе төмендеген.   

«Осыған байланысты біз ынтымақтастықты кеңейтуге дайынбыз. Осы жерде қоса айта кеткімнің келетіні Ақмола облысы инвестиция тарту үшін үлкен әлеуетке ие. Сондықтан, экономиканы дамытуға және кез-келген ұсыныстарды қарауға дайынбыз. Инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды бұданда жақсарта түсеміз»,-деді С.Кулагин.

Өз кезегінде Петер Юза Словакия Республикасының Қазақстанмен экономиканың түрлі салалары бойынша ынтымақтасуға дайын екенін айтты. Ол Ақмола облысының тек ауыл шаруашылық саласы бойынша ғана емес, басқа да салаларды дамытуға қызығушылық тудыратынын атап өтті. Елші сондай-ақ, білім мен туристік бизнесті дамыту салалары бойынша ынтымақтасуға мүдделі екенін айтты. 

Барлық жаңалықтар