Өскеменде Назарбаев оқулары өтеді

25 Қараша, 2013 17:00
Өскемен қалалық орталық кітапханасында 2013 жылдың 26 қарашасы «Нұрлы болашақ жолында» атты Назарбаев оқулары өтеді, деп ШҚО ақпараттық орталығы.

«Шараға мектеп оқушылары мен техникалықэкономикалық колледждің студенттері қатысады. Оқу басталмас бұрын көрермендер Н. Назарбаевтың Өскеменге сапар барысының фотокөрмесін тамашалай алады», - делінген хабарламада.  

Сондай-ақ, Н.Ә. Назарбаевтың кітаптар жинағының көрмесі мен Мемлекет басшысының жас кезіндегі фильмдерінің көрсетілімі өтеді.

 

Барлық жаңалықтар