- Басты
- Жаңалықтар
- БҒМ мен «Ана Үйі» қоғамдық қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
БҒМ мен «Ана Үйі» қоғамдық қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Осылайша, ҚР БжҒМ қолдауына ие болған "Ана Yйi" қоры балалардың отбасыларға орналастырылуының әртүрлі формалары жайында жұртшылықты кеңінен хабардар етіп, оларды асырап алуға ниеттенген азаматтарға консультациялық қолдау көрсетуді мақсат етіп отырған жобаны іске асыра бастады. Бұл балалардың отбасыларға берілу үдерісін жеделдете түсері анық.
Мемлекет пен үкіметтік емес ұйым арасындағы ықпалдастық ақпараттық, құқықтық, ұйымдастырушылық ресурстар көмегімен кешенді іс-шараларды қолға алу арқылы іске асырылады. Балалар құқықтарын қорғау мәселесі тұңғыш рет жекеменшік-мемлекеттік әріптестік деңгейіне шығарылып отыр. Бұл мемлекеттік және үкіметтік емес секторлардың бірлесіп, балалар үйлері санын азайтып, болашақта олардың мүлдем жабылуын көздеген алғашқы қадамы.
«Ана үйі» жүйесі негізінде еліміздің әр облыс орталығында асырап алушы азаматтарға арналған консультациялық кабинеттер ашылып, асырап алушы ата-аналар мектептері құрылған, сондай-ақ, отбасылық мәселелер жөніндегі тегін «1422» республикалық call-center жұмыс істеп жатыр.
Жоба аясында жетім балаларды тәрбиелеу жөніндегі жаңашыл қоғамдық пікір қалыптастыру, сонымен қатар жұртшылыққа балаларды асырап алудың үлгілі практикалары туралы кеңінен хабардар ету үшін әлеуметтік жігерлі медиа, кіметтік емес ұйымдар және осы мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтар қолғабыс етуге шақырылады.
Бүгін жоба алдына қойылған мақсаттар:
- Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларды асырап алуға ниетті отбасыларға көмек көрсету;
- Баланы асырап алуға дайындық барысында, бастапқы кезеңде және баланың отбасыда бейімделуі барысында асырап алушылар отбасына психологиялық және консультациялық қолдау көрсету;
- қоғамда асыранды балалар және асырап алушы ата-аналар ұғымдарын дұрыс қабылдау және оларға деген сыйлы көзқарас қалыптастыру.
Жоба біздің халыққа тән отбасылық құндылықтарды қайта жаңғыртуды көздейді: ата-бабалар дәстүрінде «тастанды бала», «балалар үйі» деген ұғымдар болмаған. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қоғам үшін құнды азамат тек отбасы аясында қамқорлық пен адамгершілік үлгілерін көріп өскен баладан шығады. Өйткені, тек отбасы ғана бала мүддесін қорғай алады.
ҚР БжҒМ мен жергілікті атқару органдарымен қатар, жобаны БАҚ өкілдері, белгілі кәсіпкерлер, спортшылар және мәдениет қайраткерлері қолдап отыр. Қоғамымыздаң жаңарып, жақсаруына, оның әрбір мүшесіне деген адамгершілікті, құрметті, жауапты көзқарастың қалыптасуына қай-қайсымыз да үлес қоса аламыз.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері