• Главная
  • Қазақстанда теміржолшылардың 3500 баласы жазғы сауықтыру орталықтарында демалады
8 июня, 2016 18:57

Қазақстанда теміржолшылардың 3500 баласы жазғы сауықтыру орталықтарында демалады

Қазақстанда теміржолшылардың 7 -мен 13 жас аралығындағы балалары жазғы каникулдарында барлық өңірлердегі демалыс орталықтарында тынығады.
Қазақстанда теміржолшылардың 3500 баласы жазғы сауықтыру орталықтарында демалады

ҚТЖ-да хабарлағандай, олардың ата-аналары жолдаманы жылдағыдай тек қана он пайызын төлеп жеңілдікпен алады. Қалған бөлігін «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік бюджеті есебінен жабады.

Теміржолшылар  жазғы демалыстағы балалардың қауіпсіздігіне де қатты көңіл бөледі. Оларды демалыс орталықтарына алып баратын автобустары, медициналық қызмет түрлерімен де қамтылады. Балаларды демалыс орталықтарында түрлі оқиғалардан ерікті сақтандыру жүйесі де бар.

Балалар демалыс орталықтарында тынығып қана қоймай, түрлі мәдени және спорттық шараларға қатысады.

Бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін танымдық, теміржол терминологиясы қамтылған газет -журналдармен танысады. Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік шаралары ережелері түсіндіріледі.