- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтау теңіз портында пошта байланыс пункті ашылды – Қазпошта
Ақтау теңіз портында пошта байланыс пункті ашылды – Қазпошта
«Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, Маңғыстау облысына жасалған екі ай бұрынғы іссапар барысында облыс әкімдігі және Ақтау теңіз портымен теңіз портының аумағында пошта байланыс пунктін ашу туралы келісім жасалған.
«Бұрын жүк тасымалдаушылар мен импорттаушылардың порт аумағында қарапайым қаржы қызметтерін қолдана алмайтыны түйткілді мәселе болатын. Мәселен, жүк тасымалдаушы Грузиядан жүк әкеледі, оның ақшасы валютада, яғни оған қаржысын бір жерде айырбастау керек, сондықтан тасымалдаушыға осындай жағдайдан пайда көргісі келетін кездейсоқ адамдардың қызметіне жүгіне тура келетін еді. Тағы бір мысалы келтіре кетсек: шекараны кесіп өту үшін баж салығын төлеу керек, алайда кейбір тұлғалар мұны біле бермейді. Не істеу керек? Қазпочтаның Western Union Халықаралық ақша аударымдар жүйесінің серіктесі екенін ескере отырып, бұдан былай клиенттерде теңіз порты аумағында әлемнің кез келген нүктесінен ақша аударымын алу мүмкіндігі бар екенін айта аламыз. Сонымен қатар теңіз порты клиенттері жүк пен тауарды рәсімдеу кезінде туындайтын өзге елге құжат, хат, сәлемдеме жіберу қызметтеріне де жүгіне алады», - атап өтті Мусин Б.
«Ақтау теңіз порты» пошта байланыс пунктінің ашылу жобасы осы жылдың ақпан айында ҚР Бірінші Вице-Премьері Бақытжан Сағынтаевтың Ақтау теңіз портына сапары барысында берілген «Бір терезе» қағидасы бойынша импорттаушылар үшін рәсімдерді оңтайландыру туралы тапсырмасының шеңберінде жүзеге асырылды. Осылайша,пошта пунктінің ашылуы импортаушы, экспорттаушы, транзитшілерге ақша аударымы, валюта айырбастау, төлемдер қабылдау, сәлемдемелер мен тапсырысты хаттарды жіберу секілді барлық қаржылық және пошталық қызметтерді көрсету бойынша маңызды мемлекеттік міндеттің шешімін табуға мүмкіндік беріп отыр.
Жалпы алғанда, пошта байланыс пункті теңіз портының жұмысын жүйеге келтіріп, клиентке бағытталған тәсілді дамитын болады және ел үшін жалпы экономикалық әсерге ие болады.
«Қазпочта» АҚ – почталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар