• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ереванда ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшылығы Комитетінің отырысы өтті

Ереванда ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшылығы Комитетінің отырысы өтті

8 Маусым, 2016 17:38
Ереванда ҰҚШҰ-на мүше-мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшылығы Комитетінің отырысы өтті. Оған ҚР қауіпсіздік кеңесі хатшылығының бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов қатысты.

Бұл отырыс осы жылдың күзінде өтетін кезекті мемелекет басшылары қатысатын ҰҚШҰ ұжымдық қаупсіздік кеңесінің сессиясына дайындық этаптарының бірі болды.

Іс-шараға қатысушалар 2015-ші жылдың 21-ші жетоқсаны күні Мәскеуде ұжымдық қауіпсіздік Кеңесі берген тапсырмалардың орындалу барысын қарады.

Сонымен қатар, ҰҚШҰ-ң 2025-ші жылға дейінгі кезеңдегі ұжымдық қауіпсіздік Стратегиясы жобасы бойынша пікір алмасты.

Делегация басшылары сонымен қатар, халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы тұруға қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, ҰҚШҰ-на мүше-мемлекеттердің жекелеген әскери бағыттарының ынтымақтастығын нығайту мәселесі де сөз болды.

Отырыс қорытындысы бойыншақауіпсіздік кеңесі хатшылықтарымен бірқатар шешімдерге қол қойылды. 

Барлық жаңалықтар