- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алады
Қазақстандықтар тұрғылықты жеріне тіркелместен жүргізуші куәліктерін ала алады
Азаматтар үшін жүргізуші куәліктер алу процедураларын жеңілдетін өзгерістер көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа енгізілді. «Егер бұрын мысалы, сіз Петропавл қаласында тіркелген болсаңыз, жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін тұрақты тіркелген жеріңізге баруыңыз керек еді, енді сіз өзіңізге ыңғайлы қаланың мамандандырылған ХҚКО-да ала аласыз», - деп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков айтады, - «Жаңа енгізілім қызметті алушылардың уақыты мен қаржысын маңызды үнемдеуге жол береді».
Жүргізуші куәлігін алу үшін 083/У нысанындағы медициналық анықтаманы ұсыну қажеттігін естеріңізге саламыз. Айтпақшы, қазақстандықтар медициналық қараудан мамандандырылған ХҚКО-лардың ғимараттарында өте алады, онда бұл үшін арнайы медициналық кабинеттер, сондай-ақ психиатр мен наркологтың кабинеті жұмыс істейді.
Үміткер жүргізуші куәлігін алғаш рет алған кезде екі емтихан тапсырады. 40 сұрақтан тұратын теоретикалық емтихан және автодромда 12 жаттығудан тұратын практикалық емтихан. Әрбір үміткердің емтиханды 3 ретке дейін тапсыру мүмкіндігі бар. Әрекеті үш рет сәтсіз болған жағдайда, кандидат соңғы емтихан өткізілген күннен бастап алты айдан кейін келесі емтиханға жіберіледі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 11 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, олар Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай және Ақтөбе қалаларында. Жылдың басынан бастап жүргізуші куәліктерін беру бойынша 94 636 қызмет көрсетілді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»