• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-да аймақтың мемлекеттік қызметшілері арасында үш тілді білу бойынша фестиваль өтті

ОҚО-да аймақтың мемлекеттік қызметшілері арасында үш тілді білу бойынша фестиваль өтті

8 Маусым, 2016 20:28
Таяуда облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Шымкенттегі «Қоғамдық келісім» КММ-де «Тіл шебері» облыстық байқауы өтті. ОҚО бойынша аудан, қала әкімдіктері мен департамент, басқармалардағы түрлі ұлт өкілдерінен құралған 21-29 жас аралығындағы 21 мемлекеттік қызметші өз білімдерін сынға салды, деп аймақ әкімдігінде хабарлайды.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды  анықтап, қолдау көрсету болып табылады.

«Тіл шебері-2016» байқауына қатысушылар «Мәдениеттаным», «Ұлттаным» және «Өнертаным» сынды үш айналымға қатысып, жүзден жүйрік шыққандар басқарма басшысының алғыс хаттары мен дипломдарына, сондай-ақ, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Атап айтқанда, бас жүлдені Кентау қаласы мәслихаты аппаратының бас маманы Мақсат Жүнісбеков ұтып алса, І орын облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бас маманы Алмаз Әбдікәрімге бұйырды. ІІ орынды Шымкент қаласы әкімі аппаратының маманы Шынар Бекжігітова алса, ІІІ орынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ОҚО бойынша департаментінің жетекші маманы Нұрлан Әлтеев лайықты деп танылды.

Ал бас жүлденің иегері Мақсат Жүнісбеков республикалық «Тіл шебері-2016» мемлекеттік қызметші жастар арасындағы байқауға жолдама алды.

 

Барлық жаңалықтар