• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Донақов: Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы кезең бойынша көтеріледі

Т.Донақов: Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы кезең бойынша көтеріледі

8 Маусым, 2016 12:43
Мемқызметтің еңбекақысының қызметі мемлекеттің қыржылық мүмкіндігіне байланысты. Осындай ойымен халық алдында есептік кездесу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов бөлісті.

Министрдің ойынша, Қазақстанда мемқызметкерлерге еңбекақыларын кезең бойынша көтеретін болады.

«Мемқызметкерлердің еңбекақысын төлеу және бюджеттік саладағы барлық қызметкерлерге еңбекақыны төлеу мемлекеттік іс-әрекеті мен қаржылық мүмкіндігіне байланысты. Сіздер білесіздер, мемлекет бірнеше жылдан астам мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік қорғауын кезең бойынша қамтамасыз етуде ,-деді Т.Донақов.

Ведомство басшысы өз сөзінде соңғы рет жалақы 30 пайызға көтерілгендігін айтты.

«Менің ойымша, мемлекеттің қаржылық әлеуетін шоғырландыру және кеңейту мүмкіндігі бойынша болашақта еңбекақыны төлеу бойынша қосымша шаралар қарастырылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң бонустар мен жәрдемақы төлеуді қарастырады»,-деді министр.

Барлық жаңалықтар