• Басты
  • Жаңалықтар
  • Чехияның машина жасау концерні Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Чехияның машина жасау концерні Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

8 Маусым, 2016 16:19
Чехияның Острава қаласында «Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сыртқы экономикалық байланыс» халықаралық конференциясы өтті. Оған Қазақстан елшісі Сержан Әбдікәрімов және ҚР ПРарламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан машина жасау Одағының төрағасы Мейрам Пішембаев қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ-і.

Содай-ақ, конференцияға Моров-силезск аймағының басшылығы мен Сауда-өнеркәсіп палатасы, Армения, Беларусия, Ресей елшілері, ЕАЭО мен Чехия елдерінің іскерлік орта өкілдері қатысты.

Қазақстандық дипломат ЕАЭО елдері төрағасы ретінде Қазақстанның қызметі туралы айтып, үшінші елдермен Одақтың экономикалық байланысын тереңдету туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын жүзеге асыруға байланысты да ойын ортаға салды.

М.Пішембаев өзінің кең ауқымды баяндамасында чехиялық ірі бизнес өкілдерін Қазақстандағы машина жасау саласының даму барысы туралы ақпараттандырды. Сонымен қатар, Қазақстанның өндірістік экономикалық әлеуеті мен инвестициялық ахуалдың жоғары деңгейде екенін қадап айтты. Ол Чехияның іскерлік ортасын Қазақстанмен белсенді ынтымақтасуға шақырды.

М.Пішембаев чехиялық машина жасау концерндерін 2016-шы жылдың 16-шы қыркүйегінде Астанада болатын Қазақстанның машина жасаушылар Форумына қатысуға да шақырды. 

Барлық жаңалықтар