• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Донақов: Осы жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметке түсу тәртібі өзгереді

Т.Донақов: Осы жылы Қазақстанда мемлекеттік қызметке түсу тәртібі өзгереді

8 Маусым, 2016 12:11
Осы жылы мемлекеттік қызметке түсу тәртібіне өзгерістер жасалады, нақты айтқанда байқау өзгертіледі, деп азақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов халық алдында есептік кездесу барысында мәлім етті.

Мемлекеттік қызметке түсу процесін оңтайландыру үшін заңнамаға өзгерістер енгізу шешімі қабылданды.

«Қысқа мерзімді перспективада байқау рәсімдерін оңтайландыру бағытында біздің қазіргі заңнамаға түзетулер енгізіледі. Біріншіден, бірінші байқау өткізілгеннен кейін екінші байқауды өткізбеу мүмкіндігі болады, ол жерде бірден жалпы қорытынды жасалады, оның барлығы мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін адамдардың да қатыса алуына жасалады»,-деді министр.

Алайда, оның айтуы бойынша, егер екінші ішкі байқау өткізу керек болғанда, ол жеке мемлекеттік органдарда өтуі мүмкін.

«Егер мемлекеттік орган екінші байқауды өткізу керек деп ойласа, оны оны жасай алады, тек таңдау арқылы. Менің ойымша, ағымдағы жылы осы мәселені шешеміз»,-деді ол.

Барлық жаңалықтар