• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы қаласының басшылығы мен БҚО отандық өнімді тікелей жеткізу туралы меморандумға қол қойды

Алматы қаласының басшылығы мен БҚО отандық өнімді тікелей жеткізу туралы меморандумға қол қойды

8 Маусым, 2016 15:51
Алматы қаласының ірі сауда желілерінің сөрелерінде қазақстандық қамтудың үлесі артады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі және Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облыстарының арасындағы өңір аралық шоғырлануының шеңберінде ынтымақтастық жөнінде өткен мәжіліс барысында белгілі болды.

Облыстың ауылшаруашылығы тауарларының өндірушілері халықтың ең ірі саны орналасқан қалаға ауылшаруашылығы тауарларының түрлерін, оның ішінде, сүт, ет, балық, кондитерлік өнімдерді жеткізуге ниет білдірді.

Бұл мақсаттар үшін тараптар импорттың орнын басуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тікелей жеткізу, сонымен қатар, өнімдерді өндірушілерден сатып алушыларға делдалдарсыз тікелей өткізу, соның нәтижесінде азық-түлік тауарларының бағаларын төмендету туралы Меморандумға қол қойды. Осылайша, Алматы қаласында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық қамту үлесін арттыру, өңірлер арасындағы өзара тауар алмасу, сондай-ақ халықты аса сапалы және қолжетімді бағада отандық өнімдермен қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын іске асыру жұмысы жалғасуда.

Бұдан басқа, мәжіліс барысында қонақтар үшін отандық тауар өндірушілер шығаратын өнімдерді қаланың сауда кәсіпорындарының талаптарына сәйкес келтіру бойынша шеберлік класы өткізілді. Бұдан кейін, батыс қазақстандық тауар өндірушілер «Рамстор», «Магнум» және «Carrefour» сауда желілерін барып көрді.

Бұл өңірлермен өткізілген мәжілістердің саны бойынша үшінші мәжіліс екенін еске саламыз. Алматы қаласының әкімдігі Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарымен осындай ұқсас іс-шаралар өткізді. Жалпы алғанда, Қазақстанның барлық өңірлері қамтылады деген болжам бар.

Барлық жаңалықтар