• Басты
  • Жаңалықтар
  • Индустриаландырудың бірінші бесжылдығының жобалары: нәтижелері, тәжірибе, қателіктер

Индустриаландырудың бірінші бесжылдығының жобалары: нәтижелері, тәжірибе, қателіктер

8 Маусым, 2016 15:03
Металлургия, химиялық өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, жеңіл өнеркәсіп және фармацевтика – индустриализацияның бірінші бесжылдығындағы атаулы жобалар (201-2014 жылдар аралығы), олар жергілікті қамту экономикасының дамуына өз үлесін қосты. Бағдарламаның нәтижесі, тәжірибесі мен материалдардағы қателіктер туралы ҚР ИДМ мәліметін Strategy2050.kz ақпараттық агенттігінен оқи аласыздар.

Металлургия

2010 жылы серпінді жоба жүзеге асырылды -  қуаттылығы 12,5 тонна Доре құймасы түріндегі алтынның Васильков кен-байыту комбинаты. 2013 жылы астанада аффинажды зауыт іске қосылды. Сонымен қатар алтынның толық кезеңі жетті - тау-кен құймаларын балқытуға дейін, біздің алтындар Қазақстанның алтын валюталы резервін толықтыруда. Павлодарда Қазақстанның электролиз зауытында алюминиді шығару екі есеге өсті. Өскеменнің титаномагнит зауытында 2010 жылы титандық құймалар өндіріле бастады.

Химиялық өндіріс

Индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жылдарында химиялық сала үлкен өсімді көрсетті. «павлодар» АЭА-да каустикалық сода және хлор өндіретін зауыт жұмыс істейді. Маңғыстау облысында «қазазот» зауытына жаңғырту жұмысы жүргізілді. Аммоний нитратының жаңа түйіршіктеу технологиясы енгізілді.

Құрылыс индустриясы

Индустрияландыру бағдарламасына орай, құрылыс саласындағы қазақстандықтың қамту үлесі өсті. Бүгінгі күні құрылыс индустриясы ішкі нарықты өз өнімдерімен қамтамасыз етуде. Бірінші бесжылдықта «құрғақ тәселмен» 6 цементтік зауыт құрылды. Екінші бесжылдықта тағы да бірнеше заыттар іске қосылады.

Көлік құру

Бірінші бесжылдықта көлік құруды дамыту бойынша да үлкен жұмыс атқарылды. 2 автомобильді кластер құрылды – Қостанай мен Өскемен қалаларында. Біз «Toyota», «Hyundai», «SsangYong», «Peugeot» және басқа да маркаларын шығарамыз. Елордада темір жол машина жасауының толық кластері құрылды. «Talgo»испан компаниясымен бірге жолаушы таситын вагонды шығарады, «Alstom» француз компаниясымен – электровоз, «GeneralElectric» американдық компаниясымен – дизельді қозғалтқыштар. 

Фармацевтика

Қазақстанда үлкен потенциал формацевтикада байқалады. Сала Алматы облысында, Алматы қаласында, ОҚО-да дамуда. Қазақстан күрделі  дәрілерді , бір рет қолданылатын медициналық жабдықтарды, медициналық жабдықтар мен техникаларды шығара бастады. Мысалы,  Шымкент қаласында «Polpharma» компаниясымен бірге GMP стандарттары бойынша күрделі дәрі-дәрмектерді өндіру бойынша жоба жүзеге асырылуда. 

Тағам өнеркәсібі

Тағам өнеркәсібінде Алматы облысындағы «Danone» сүт өнімдерін өндіретін жобаны айтып өтуге болады. 2015 жылы инвесторлармен жұмыс істеп тұрған кәсіпорын қайта инвестицияланды, осылайша, өндірілетін өнім ұлғайды. Зауыт ойдағыдай жұмыс жасауда. 

Алайда, оңтайлы динамикаға қарамастан, алғашқы бесжылдық қиындау болды. Бағдарламаның бірінші бес жылдығында іске асырылатын тәжірибе Индустрияландырудың екінші кезеңінде қаралды. Бүгінгі күні Министрлікте дамыту және қолдау шараларыыңн басым бағыттары бойынша айқын көзқарастары бар.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар