- Басты
- Жаңалықтар
- И.Тасмағамбетов Ресей Федерациясы қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті (ФОТО)
И.Тасмағамбетов Ресей Федерациясы қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті (ФОТО)
«Біздің кездесулеріміз жиі өткізілетін мазмұнға ие болып отыр. Бұл Қазақстан мен Ресей сияқты стратегиялық серіктестер үшін қажеттілік болып табылады. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сириядағы әскери операцияның сәтті өтуімен шын жүректен құттықтағым келіп отыр», - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
«Халықаралық лаңкестікпен күресуде жалпы түсінік пен біріктірілген іс-қимыл жасау қажет. Бүгінде жалпы алғанда, ғасырлар бойы жинақталған барлық бастамалардың беріктілігі шыңдалуда. Мұнда да баршамызға ол жақта болып жатқанды тағы бір мәрте талқыға салып, лаңкестікпен күресу жөнінде қосымша бірлескен шараларды қарастыруымыз қажет шығар. Бүгін бізде осындай мүмкіндік болады деп үміттенемін. Ынтымақтастымызға қатысты айтар болсақ, оның стратегиялық, татулық сипатқа ие екендігі сөзсіз, әдеттегідей, алдымызға өмір мен заманауи уақыт қойып отырған сол мәселелерді шешуге біршама сенімді қадам басып келеміз», - деді Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу.
Бүгін, Астанада ШЫҰ қатысушы елдері қорғаныс министрлерінің кеңесі өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік. Отырыс шеңберінде ШЫҰ мүше мемлекеттері әскери үрмелі оркестрлерінің «Бейбітшілік кернейі» ІІІ халықаралық фестивалі өтеді. ШЫҰ қатысушы елдері әскери музыканттарының фестиваліне Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы әскери оркестрлерінің жеке құрамы қатысады.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Тоқаев ДДСҰ-ның Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуспен кездесті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Вирус мутацияға ұшыраса да, вакцина қорғаныс әсерін бере алады -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Қорғаныс министрлігі: Оңтүстік-шығыстағы әскердің жауынгерлік әзірлігі тексерілді -
ҚР-дағы вакцинация: Отандық және ресейлік вакциналардың жанама әсерлері мен сақтану шаралары -
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс басымдықтары: техникалық жабдықтау және жаңарту -
Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатынан 9 миллиардтан астам теңгені үнемдеді