• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сұлтанов: 2015-ші жылы әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар 7 пайызына дейін өсті

Б.Сұлтанов: 2015-ші жылы әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар 7 пайызына дейін өсті

8 Маусым, 2016 11:31
2015-ші жылы әлеуметтік салаға бағытталған шығыстар ЖІӨ 7 пайызына дейін өскен. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебі аясында баяндама жасаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

«Бюджеттің атқарылуын талқылаулар барысында негізгі сұрақтар әлеуметтік сала бойынша қойылған. «Есепті жылы әлеуметтік салаға арналған шығыстар жалпы ішкі өнімнің 7 пайызына дейін өсті және 2,8 трлн.теңгені құрады. Бюджетте олардың үлесі 39,4 пайызға дейін артты. Зейнетақы 1 млн. 943 мың алушыларға уақтылы және толық көлемде төленді. Бір жасқа дейін бала күтімі бойынша демалыс кезеңінде 87 мың адамның міндетті зейнетақы жарналары 3,6 млрд.теңгеге субсидияланды», - деді Қаржы министрі.

Оның сөзіне қарағанда, тегін кепілдендірілген медициналық көмекке бөлінген нысаналы трансферттер 311 млрд.теңгеге игерілген. Осы сомадан 4 млрд. теңге ауруларды ерте айқындау жөніндегі іс-шараларға бағытталды. 2015 жылы 6 миллионнан астам халықтың ересек бөлігі тексеруден өтті,бұл сан алдыңғы жоспардан 1,2 пайызға артық. «Балабақшаларда орындармен қамтамасыз ету 2014 жылмен салыстырғанда шамамен 21 пайызға өсті. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту деңгейі шамамен 82 пайызды құрады немесе 2014 жылға қарағанда 3 пайызға  артық», - деді Б. Сұлтанов.

Барлық жаңалықтар