• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының әкімі Израиль елшісімен ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық мәселесін талқылады

Ақмола облысының әкімі Израиль елшісімен ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық мәселесін талқылады

8 Маусым, 2016 12:34

Кездесу барысында С.Кулагин қонаққа құрмет көрсетіп, аймақтың түрлі салалрының дамуы туралы ақпарат айтты, өнеркәсіппен, агроөнеркәсіппен, облыстың индустриалды және әлеуметтік саласымен таныстырды.

«Біздің елдер арасында ұзақ жылдан бері түрлі сала бойынша ынтымақтастық дамуда. Ақмола облысы экономикаға инвестициялар тарту үшін үлкен әлеуетке ие және ынтымақтастықты кеңейту үшін кез-келген ұсыныстарды қарастыруға дайын. Біздің аймақ аграрлы болып табылады. Бай тәжірибемізді ескере отырып және Израильдегі ауыл шаруашылық деңгейі дамуының жоғары деңгейін ескере келе, сіздің мемлекетіңізбен ауыл шаруашылық саласында ынтымақтастық жасауға дайын екендігімізді айтқым келеді. Ал әлеуметтік даму саласында біздің елдеріміз медицина саласында тығыз ынтымақтастық жасайды»,- деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, С.Кулагин өз сөзінде Ақмола облысының әкімдігі мен «All Energy LTD» израильдік компаниясы арасында Көкшетау қаласында ЖЭС құрылысы бойынша меморандумға қол қойылғандығын айтып өтті.

М.Бородский өз кезегінде әкімге алғысын білдіріп, Израиль мемлекеті Қазақстанмен түрлі сала бойынша ынтымақтастық жасауға дайын екендігін айтып өтті. Сондай-ақ, ол энергия өндіру саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

Барлық жаңалықтар