Алматы облысында 320 орынды балабақшаның құрылысы аяқталуда

8 Маусым, 2016 15:19
320 орынды заманауи балабақшаның құрылысы Талдықорған қаласының жаңа құрылып жатқан шағын ауданында аяқталуда. Әкімдікте хабарлағандай, жоба «Бизнестің жол картасы-2020» аясында МЖӘ желісі бойынша іске асуда.

Кәсіпкер Ләйлә Алиманова бұл инновациялық бала бақша болатындығын атап өтті, сол себепті кадрларды таңдауда ерекше назар аударылады. Бұл жерде мектепке дейінгі балалар үшін барлық жағдай жасалады.

Қазіргі кезеңде құрылыстың негізгі жұмыстары аяқталды, әрлеу жұмыстарын жасау ғана қалды. «Гүлім және компания» ЖШС мерзімінде нысанды құруды жоспарлауда, яғни, бір айдан кейін балабақша өз жұмысына кіріседі деген сөз. 

Барлық жаңалықтар