- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы игерілмеген бюджет қаражатын қайта бөлу тетігін әзірлеуді тапсырды
Елбасы игерілмеген бюджет қаражатын қайта бөлу тетігін әзірлеуді тапсырды
«Жаңа бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевқа осы мәселені шешуді, сөйтіп бір ай мерзімнің ішінде маған есеп беруді міндеттеймін – егер қаржыны игере алмаса, ақшаны алып қойып, оны игеріп жатқандарға беру керек», - деп мәлім етті Елбасы бүгінгі кеңесте.
«Былтыр арендалық тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 17 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Әкімдіктер игермеген қаржы 2,5 млрд. теңгені құрады»,-деді Мемлекет басшысы.
Елбасы сондай-ақ, әлеуметтік нысан құрылыстарына бөлінген қаржының игерілмеуіне байланысты, сала бойынша жаңа нысандар салуды тоқтатып, ресурстарды құрылыстары аяқталмаған мектептердің, ауруханалар мен т.б. нысандарды аяқтауға жұмсауды міндеттеді.
«Бөлінген қаржыны және қолдағы ресурстарды ағымдағы жылдан бастап әлеуметтік нысандардың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына және үш ауысымда жұмыс істейтін мектептердің проблемаларын шешуге жұмсауды тапсырамын»,- деді ел Президенті.
Қазақстанда әлі күнге дейін 189 мектеп, 68 денсаулық сақтау нысаны апатты жағдайда жұмыс істеуде, 92 мектепте 33 мың бала үш ауысымда білім алуда.
Естеріңізге сала кетейік, Ақордада Елбасының қатысуымен өтіп жатқан кеңесте 2012 жылдың қорытындысы мен 2050 жылға дейінгі Стратегияны іске асыру міндеттері қаралуда.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады