- Басты
- Жаңалықтар
- Б.Керей: 2030-шы жылға қарай Қазақстанда ЖЭК-ң үлесі 10%-ға жетуі керек
Б.Керей: 2030-шы жылға қарай Қазақстанда ЖЭК-ң үлесі 10%-ға жетуі керек
«ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу – бұл еліміздің имиджін қалыптастыруда үлкен мүмкіндік. Қазақстан жыл өткен сайын әлемге танылып келеді. Мұндай көрме Қазақстанға әлемнің барлық өкілдерінің келуіне мүмкіндік береді. Аталмыш көрме, күмәнсіз елдің дамуына және оның әлемнің жаһандық экономикасымен тереңірек ықпалдасуына жағдай жасайды. Бұл еліміз үшін үлкен жетістік болмақ»,-деп мәлімдеді Б.Керей.
Сонымен қатар Б.Керей, экономикалық проблема тек Қазақстанда ғана емес, адамзат үшін ерекше көңіл бөлуді қажет ететін әлем бойынша жаһандық мәселе күйінде қалып отыр, деп атап өтті.
«Біз экологиялық проблемалар туралы ойлануымыз керек. Біз бүгінгі таңда табиғат ананың қаншалықты күтім мен көңіл бөлуге мұқтаж екенін көріп отырмыз. Қазір Қазақстанда «жасыл экономика» Тұжырымдамасы жүзеге аса бастады. Біз еліміздің «жасыл экономикаға» көшуіне мониторинг және бақылау жасаймыз. Бізде 2030-шы жылға қарай бұл көрсеткіштер үлкен істердің бірі болуы керек. Яғни, жаңартылған энергия көздерінің үлес салмағы 10 %-ға жетуі қажет және жиналған қалдық 40 %-ды құрау керек»,-деп түсіндірді ол.
Еске сала кетейік, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу Қазақстанның ең маңызды жобаларының бірі болып табылады. Мұндай ауқымды шараны елордада өткізу Мемлекет басшысының бастамасы. Бүкіләлемдік көрме 3 айға созылады. Оған 100-ге жуық ел мен 10 халықаралық ұйым қатысатын болады. Көрмеге шамамен 2 млн. адам келеді, деп күтілуде.
ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» деп аталады. Бұл әлемдегі үздік энергия үнемдеу технологиясын тартуға, мүмкіндік береді.
Индира Кауметова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша