• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада инвестициялар және сауда салаларындағы Қазақстан мен Швейцарияның ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Астанада инвестициялар және сауда салаларындағы Қазақстан мен Швейцарияның ынтымақтастық мәселелері талқыланды

8 Маусым, 2016 09:03
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде Қазақстан – Швейцария сауда – экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті 9-шы отырысы өтті.

Комиссияны Қазақстан тарапынан қаржы вице – министрі Руслан Бекетаев, Швейцария тарапынан SECO Экономика мемлекеттік хатшылығы екіжақты экономикалық қатынастар басқармасының басшысы Ливия Лой басқарды.

Комиссия отырысының шеңберінде инвестициялар және сауда, аудиторлық және бухгалтерлік қызметтерді реттеу және қадағалау, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым салаларындағы Қазақстан мен Швейцарияның екіжақты ынтымақтастығының өзекті және перспективалы бағыттары, сондай – ақ ЭЫДҰ шеңберіндегі құқық саласындағы ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.

Швейцария тарапы бухгалтерлік есеп және аудит саласында, сондай – ақ қосарлас импорт және ұжымдық негізде мүліктік құқықты басқару мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

"Бағалы металдардан сағат өнеркәсібі бұйымдарын таңбалау мәселесі бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді",-деп хабарламада айтылған.

Білім және ғылым саласында өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында Тараптар Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасу мүмкіндігі мәселесі талқыланды.

Тараптар Қазақстан экономикасының басым салаларына инвестициялау бойынша бірлескен белсенді жұмыс жүргізуге келісті.

Мемлекеттер арасындағы сауданы дамыту мақсатында Тараптар мал шаруашылығы өнімдерін (тері, тері шикізаты және жүн) экспорттау бойынша компаниялар арасындағы өзара қарым – қатынасты, сондай – ақ ветеринария саласында ынтымақтастықты жақсартуға уағдаласты.

Сол сияқты, Қазақстандық тарап Швейцария тарапын «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының өңірлік бастамасына 

Барлық жаңалықтар