Қызылорда облысында 648 тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеп тұр

8 Маусым, 2016 08:42
Өткен жылы Қызылорда облысының білім беру басқармасында 648 тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасап, оларда 43351 бала тәрбиеленді, деп хабарлады облыстық статистика басқармасынан.

Оның 50,1% қыздар және 49,9% ұл балалар. 3 және одан үлкен жастағы балалар 95,6% құрады. Тұрақты мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан 461 немесе 71,1% ауылдық жерлерде орналасқан, ондағы балалар саны - 26024 немесе (60%). 

Мектепке дейінгі мемлекеттік ұйымдар саны 405 немесе (62,5%) құрады, онда оқып және тәрбиеленген балалар саны-27046, ал жеке меншік ұйымдар саны-243 (37,5%), онда тиісінше-16305 бала.

2014  жылмен салыстырғанда ұйымдар саны 59 бірлікке (10%), ал балалар саны 2860  (7,1%) көбейді. Облыс бойынша 100 орынға орта есеппен 97,3 баладан келді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда қарым-қатынас 2 тілде жүргізілді: казақ және орыс тілінде. Қарым-қатынас тек қазақ тілінде жүргізілетін мектепке дейінгі ұйымдардың саны 629 ұйымды құрап, онда 39861  бала оқып  тәрбиеленді, ал тек орыс тіліндегі ұйым саны -1-еу (100 бала), қазақ және орыс тілінде (аралас ұйымдар) – 18 (3390 бала). Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепке дейінгі шағын орталықтарда тәрбиеленуші балалардың жалпы санынан 99,3% тұрғылықты ұлттан, 0,4% - орыстар, 0,3% - басқа ұлт өкілдері құрады.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепке дейінгі шағын орталықтарда педагог қызметкерлер  саны 5881 мың адамды құрады, оның ішінде жоғары педагогикалық білімімен 55,3% және орта арнаулы білімі барлар – 44,7%. Санаттары  бойынша: жоғары – 1,8%, бірінші -   9,6%, екінші -  22,9% және санаты жоқтары -  65,7%.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепке дейінгі шағын орталық ғимараттарының 55,2% бейімделген ғимараттарда орналасқан, 44,8% типтік жобадағы ғимараттар.

Барлық жаңалықтар