ШҚО-да қазақтың ұмыт қалған ұлттық тағамы үздік деп таңдалды

7 Маусым, 2016 19:56
Өскеменде қазақтың ұлттық тағамдарының ұмыт қалған және заманауи тағамдарының және ұлттық нақыштағы киімдерінің облыстық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты қазақтың көпғасырлық дәстүрлі ұлттық тағамдарын сақтау мен қолдану, ұмыт қалған тағамдарды қайта жандандыру, сонымен қатар, қазақтың ұлттық дәстүрлі құндылықтарының бірі ұлттық костюмдерге назар аударту. Сондай-ақ, кешегі дәстүрлі дүниелерді заманауи сәнге айналдыру, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

Байқауда қатысушылар қатал қазылар алқасын ұмыт қалған және заманауи қазақтың тағамдарымен таң қалдырды. Олар қарын бөрте, қарма, сөк, балқаймақ, ақлақ, әсіп және тағы басқалар. Жеңіс ең үздік таңамды таныстырған Шағангүл Жанаеваға бұйырды.

Киім дизайны байқауында облыс шеберлері әжелерінен үйренген дәстүрлі киімдерді ұсынды. Онда «Алтын ай» деп аталатын коллекция дизайнері Алена Абакумованың шеберлігі жоғары бағаланды.

Барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен мараптталды.

Барлық жаңалықтар