• Басты
  • Қазақстан энергетикасын дамыту жоспарының салалары: мұнай бағасы, уран саласы, ЭКСПО
7 Маусым, 2016 19:34

Қазақстан энергетикасын дамыту жоспарының салалары: мұнай бағасы, уран саласы, ЭКСПО

Энергетика мен энергоресурстар әлемдік экономикада маңызды рөл атқарады. Дәстүрлі энергоресурстардың бағалары, оларды өндіру мен өңдеу қай елдің болсын халқына әсер етеді. Қазақстанда аталмыш бөлікке энергетика министрлігі жауапты. Күні кеше ғана ведомство басшысы Қанат Бозымбаевтың халық алдындағы есептік кездесуі болды. Strategy2050.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның энергетика саласындағы жетістіктер мен жоспарлар туралы шолу дайындады.
Қазақстан энергетикасын дамыту жоспарының салалары: мұнай бағасы, уран саласы, ЭКСПО

Мұнай бағасы 2017-ші жылы тұрақтанады деп күтілуде.

2016-шы жылдың 4 айында мұнай өндіру көлемі 26,2 млн. тоннаны құрады. Бұл негізгі жоспардан 4 % артығымен орындалып отырған көрсеткіш. Мұнай бағасының өсуi компанияларға осы жылдың жоспарын асыруға мүмкiндiк бередi. Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, мұнайдың әлемдiк бағасы тек 2017-2018 жылдары баррелi 60-65 доллар деңгейiнде болады. Мұнай өндiру көлемi 2017 жылы тұрақтанады деп болжанып отыр. «Теңізшевройл», «Қашаған Петролиум» және жаңа мұнай көзі «Қашаған» негізгі мұнай өндіретін компаниялар болып болып табылады және бұларда өсім жоғары болмақ.

Мұнай өңдеу

2015-ші жылы елде 14,55 млн. тонна мұнай өңделді. 2016-шы жылға жоспар 14 млн. тонна. Осы жылдың төрт айында 4,23 млн. тонна мұнай өңделді. Қаңтар мен наурыз айларында мұнай өңдеу көлемінің төмендегені байқалды, сонымен қатар, эспортқа бағытталған қара мұнай өнімдері де төмендеді. Ішкі нарықта мұнай өнімдеріне төмен баға ресейліктермен салыстырғанда тапшылыққа әкеп соғады және керісінше – ішкі нарықтағы жоғары баға ресейліктермен салыстырғанда шеттен әкелінген ағын болып табылады, бірінші кезекте бензин, өйткені ол елімізде тапшы. Қазір Ресей нарығында біздің нарықпен салыстырғанда баға жоғары және сол себепті біздің министрлік әрдайым мониторинг жұмыстарын жүргізеді және тапшылықты болдырмау үшін ішкі нарықты қанықтыру шараларын қолдануда.

Газ саласы

«2015 жылы  бұл сала дамуға бет алды. 45,3  млрд текше метр газ алынды. Осы жылдың төрт айында өндірілген газ көлемі 15,5 млрд текше метрді құрады. Елімізді газдандыру - басты стратегиялық бағыт екені белгілі. Жалпы, былтырғы көрсеткішке сүйене отырып айтсам, Қазақстанның 43 пайызы газбен қамтылған. Сонымен қатар, 2016-2020 жылдар аралығында елді газдандыру үшін «ҚазТрансГаз» ұлттық операторы есебінен қосымша қаржы алынады. Осылайша, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 14 ірі елді мекенді газбен қамтылмақ. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бір желісі іске қосылған. Жоба толық қуаттылыққа көшке соң, еліміздің оңтүстігіндегі алты жүзге жуық елді мекені газбен қамтылады.

Электроэнергетика

2015 жылы жүктелерді жабу үшін еліміздің электр станциясымен 90,8 млрд кВт/сағ өндірілді. Ағымдағы жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 31,9 млрд кВТ/сағ болды. Сонымен қатар, 2016 жылы 91 млрд кВт/сағ өндіру жоспарланған.Соңғы жылдары республика бойынша 3 мың МВт-тан астам энергия электр компаниялар құру бойынша айтарлықтар шаралар қабылданды. Қазіргі күні қызығушылық танытқан меморгандармен, ұйымдармен, заңды тұлғалар бірлестігімен 2017-2023 жж.  электр энергия сыйымдылығының болжам балансын қалыптастыру бойынша   жұмыс басталды. Бұл жұмыстың мақсаты генерациялық қуаттарды дамыту перспективаларындағы мақсатты көрсеткіштерді анықтау болып табылады.

Құрылыста инвестицияны ынталандыру бойынша, 2019 жылдың 1 қаңтар айынан бастап электр нарығы жұмыс істейтін болады.

 

Көмір өндірісі

2015-ші жылы 102,2 млн тонна көмір өндірілді. Осы жылдың 4 айында 29,8 млн тонна көмір қазылған. 2016-шы жылға көмір өндіру жоспары 101,5 млн тонна. Ел бойынша электр энергетиканың 70%-н қамтамасыз етеді. Орта мерзімді перспективаға көмір өзінің маңыздылығын сақтап отыр. Сондықтан жеке көмір технологиясын дамыту үлкен маңызға ие болып отыр.

Уран және атом энергетикасы

2015 жылы уран өндірісі 23 мың 805 тоннаны құрады. 2016 жылдың 4 айында уран өндірісінің көлемі 8,1 мың тоннадан астам болды. 2016 жылы 24 мың 80 тоннадан астам уранды өндіру жоспарланған. Қазақстан уранның әлем нарығында жетекші орынды алады – нарықтың шамамен 40 пайызы. Басқа шикізат нарықтарымен салыстырғанда осы сала бойынша тұрақтылық пен перспектива байқалады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар