Жыл басынан бері Риддерде ШОБ саласы бойынша 4 жоба іске асырылды

7 Маусым, 2016 17:41
Ағымдағы жылдың 4 айында Риддерде шағын бизнестің 406 кәсіпкерлері тіркелген, ол 2015 жылдың көрсеткішінен 7,4 пайызға жоғары, деп ШҚО ақпарат орталығы хабарлайды.

Жалпы Риддер бойынша шағын кәсіпкерліктің 3 433 субъектісі есептелінген. 2015 жылы олармен шығарылған өнімнің көлемі, қызметтері 4 млрд 751,6 млн теңгені құрады.

Шағын бизнес саласында Риддерде туризм, ауыл шаруашылығы, құрылыс индустриясы, ағаш өңдеу өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі саласында 31 жобаны іске асыру жоспарланған. Оларды енгізу кезінде 103 жаңа жұмыс орны құру қарастырылған. 2016 жылдың 4 айында 4 жоба іске асырылған.

Барлық жаңалықтар