- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана Опера» Камералық залында отандық музыка классикасының концерті болады
«Астана Опера» Камералық залында отандық музыка классикасының концерті болады
театрда хабарлағандай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықпаев, халықаралық байқаулардың лауреаттары Бейімбет Таңарықов, Нарұл Төйкенов, Роза Нұркей, Елена Низамутдинова, Елена Ганжа, Қазыбек Досмұхамбетов, Алмат Ізбәмбетов, Мағжан Аманжолов, Жәнел Қатпаева және басқа вокалисттер танымал әндер мен романстар орындайды. Сонымен қатар тыңдарманды скрипкашы Майя Бекназардың өнері, «Астана Опера» балалар театр студиясының жасөспірім әртістері (жетекшісі Алтынғаным Ахметова) шаттыққа бөлейді. Фортепиано партиясында – халықаралық байқаулардың лауреаттары Раушан Бескемпірова, Ирина Кургузкина. Концертті жүргізуші – «Мәдениет қайраткері» Сәуле Мәулетова.
- Аталған кеште біз өмірге, жақынымызға, Отанға деген махаббат туралы шырқаймыз. Халықтарды біріктіретін мәңгілік музыка тілі – баршаға түсінікті тіл. Астана тұрғындары мен қонақтары сүйікті композицияларын тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Шығармалар әр қазақстандықтың жүрегін жайлаған жарқын қуаныш пен ең тамаша сезімдерге толы, – деп атап өтті Раушан Бескемпірова.
Кеш бағдарламасында О. Сүлейменовтің сөзіне жазылған Ғ. Жұбанованың «Мен көктен ұшып шығып ем», С. Әбдінұровтың «Қазақ елі», К. Күмісбековтің «Аяулы мекенім», О. Байділдаевтың «Туған ел», Т. Мұхамеджановтың «Заман-ай», А. Зацепиннің «Төбемде көк аспан», өзбек әні «Карнавал вальсі», белорустық «Купалинка», А. Пахмутованың «Нәзіктік», Э. Колмановскийдің «Өмір, мен сені сүйем», М. Магомаевтың «Салтанатты» және т.б. орындалады.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді