• Басты
  • ҰБТ-ның 5 күндік қорытындысы бойынша 17 түлек 125 балл жинады

ҰБТ-ның 5 күндік қорытындысы бойынша 17 түлек 125 балл жинады

7 Маусым, 2016 17:04
Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші күні өткізілді. ҰБТ-ның 5 күндік қорытындысы бойынша 17 түлек 125 балл жинады, деп ҚР БҒМ хабарлайды.

Естерінізге сала кетейік, 2-6 маусым аралығында өткізілген тестілеуге  78158 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 56945, орыс тілінде –  21213 бітіруші.  

Тестілеу бесінші күні 14 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді.

Тестілеудің бес күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 37 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде: ұялы байланыс телефондарын пайдалану – 19 бітіруші; емтихан материалдарын бүлдіру – 1 бітіруші; сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру – 17 бітіруші.

Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Апелляцияға өтінішті беру барысында бітіруші әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Тестілеудің төрт күнінде (3,4,5,6 маусым аралығы) Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 488 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 118 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы тестілеудің үш күнінде қолданған тест тапсырмаларының 0,7 %-ын құрайды.

Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілі, математика, биология және Қазақстан тарихы пәндерінен болды.

Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі: әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы; техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі. 

Барлық жаңалықтар