Жыл басынан бастап Риддер қаласында 295 адам жұмысқа орналастырылды

7 Маусым, 2016 16:48
2016 жылдың басынан бастап Риддер қаласында 295 адам жұмысқа орналастырылды, деп қала әкімі Жомарт Мұратов ШҚО аймақтық коммуникация қызметінде мәлім етті.

Оның айтуынша, жұмыспен қамту деңгейі жалпы өтініш бергендердің 44,6 пайызын құрады. Сонымен қатар, 134 жаңа жұмыс орны құрылды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 4 айында жастар тәжірибесін өтуге 12 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам жұмылдырылса, қоғамдық жұмыстарға қатысуға – 133 жұмыссыз адамдар тартылды, ал оқу мен қайта оқуға – 40 адам.

«Оқу мен қайта оқуға қаржыны үлкейтеміз.Әйелдер арасында аспазшы, сылақшы маманы сұранысқа ие, ал ерлер арасында дәнекерлеуші және тас қалаушы мамандар»,-деді Риддер басшысы.

Хабарламада айтылғандай, орташа жалақының көлемі 130 мың теңге.

Барлық жаңалықтар