- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі түсіндірілді
ОҚО-да мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі түсіндірілді
Шараны ОҚО әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық департаменті бірлесіп ұйымдастырды.
«Ашық есік күніне» облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Бекжанов пен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері мен 2 мыңнан астам өңір тұрғындары қатысты.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу тәртібін жан-жақты түсіндіру және мемлекеттік қызмет құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ өзінің біліктілігі мен қабілеттілігін, отансүйгіштігі мен еңбекқорлығын көрсеткен әрбір азаматқа – мемлекеттік қызмет беретін мүмкіндіктермен таныстыру болып табылады.
Бүгінгі таңда облыста 628 бос мемлекеттік лауазым орны бар. Оның 200-ден астамы атқарушы органдардың үлесіне тисе, 400-ге жуығы жергілікті департаменттерге тиесілі.
Айта кетейік, мемлекеттік қызметке тест тапсыру үшін заңнамалар бойынша біліміңіздің деңгейінwww.gostest.kz сайты арқылы алдын ала сынап, байқай аласыз. Ал мемлекеттік қызмет бойынша толық ақпараттар мен заңнамаларды ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің www.kyzmet.gov.kz сайтынан білуге болады.
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты