- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы қатысушы елдері әскери оркестрлерінің бэнд-марафоны өтті (ФОТО)
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы қатысушы елдері әскери оркестрлерінің бэнд-марафоны өтті (ФОТО)
Іс-шараға қатысушылардың арасында Қытайдың ұлт азаттық армиясының әскери оркестрі, Қырғыз Республикасы ҚК БШ Армия орталық үйінің әскери-көрсетпелі оркестрі, ҚР Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетпелі оркестрі, ҚР ҚК ҰӘПО Орталық әскери оркестрі, РФ ҚМ Орталық әскери оркестрі, Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі коменданттық полкінің әскери үрмелі оркестрі.
«Бұл фестивальға біз үшінші рет қатысып тұрмыз. Биылғы жылы қазақ ағайындарымызға, Астанаға жол тарттық. Бұл фестиваль дәстүрге айналды. Мұнда біз музыканттар ретінде тәжірибе алмасамыз. Бұл оркестрлерге кәсіби тұрғыда тың дүниені танып-білуге көмектеседі», - деді Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Армия орталық үйі әскери-көрсетпелі оркестрінің бастығы капитан Дастан Джуматайуулу.
«Бейбітшілік кернейі» фестивалі шеңберінде елордалықтар мен шаһар қонақтары ШЫҰ мүше мемлекеттерінің музыкалық мәдениетімен танысып, өзге елдердің ұлттық мәдениетіне, әлемдік музыка мәдениетіне араласа алады.
«Біздің ұжым Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Біз 1927 жылдан бастап өз тарихымызды жүргізудеміз және Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің жетекші әскери үрмелі ұжымы болып табыламыз. Құрамында үрмелі және симфониялық оркестр бар. Фестивальға 50 адамнан құралған үрмелі оркестрдің шағын тобы келді. Бізді мұнда құшақ жая қарсы алды. Бұл қазақ халқын үнемі ерекшелендіріп тұрады», - деп РФ ҚМ Орталық әскери оркестрінің дирижері капитан Андрей Нисенбаум атап өтті.
Бүгін, сағат 20.00-де «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда плац-концерті бар концерттік өнер көрсету басталатынын айта кетейік. Аталмыш шараны елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық