• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан баллистикалық ракетаны таратуға қарсы Гаакс кодексіне төрағалықты қабылдады

Қазақстан баллистикалық ракетаны таратуға қарсы Гаакс кодексіне төрағалықты қабылдады

7 Маусым, 2016 12:19
Венадағы тұрақты түрде өтіп тұратын 15-ші Халықаралық мүше мемелекеттердің баллистикалық ракетаны таратуға қарсы кездесуі барысында Қазақстан бір жыл кезеңдік ГКТ төрағалығы лауазымын иеленді.

ҚР СІМ-і хабарлағандай, Қазақстанның баллистикалық ракетаны таратуға қарсы Гаакс кодексінің тәртібіне төрағалық етуі біздің елдің халықаралық қауіпсіздік пен Қазақстанның жаппай қырып жою қаруын таратпау бойынша сыртқы саясаттағы басымдығын көрсетеді. Бұл Қазақстан Президентінің стратегиялық қадамдарына сәйкес келеді. Оның қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырған «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі жаңа бастамасы да бұл орайда өзінің құныдылығын арттыруда.

Төрағалықты қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының атынан ҚР-ң Венадағы халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай Қазақстанның осы лауазымда және басқа да жоспарлары мен басымдықтары туралы айтып берді.

15-ші тұрақты кездесу қорытындысы бойынша Қазақстанның төрағалығымен алдағы уақытта ГКТ-ны қолдау жөніндегі қарар жобасын БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясында қарау келісілді.

 Кодекске қатысушы ретінде 138 мемлекет тіркелген. Қазақстан Республикасы ГКТ-ға 2005-ші жылдың шілдесінде қосылған.

Барлық жаңалықтар