- Басты
- Жаңалықтар
- Ш.Байманов: "Жас Отан" жоғары оқу орындары мен колледждердің жетім қалған түлектеріне жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі (ФОТО, ВИДЕО)
Ш.Байманов: "Жас Отан" жоғары оқу орындары мен колледждердің жетім қалған түлектеріне жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі (ФОТО, ВИДЕО)
«Сәтті қадам» жобасы біздің елімізде төртінші жыл іске асырылып келе жатыр. Осы жылы «Сәтті қадам» жобасына қосымшалар енгізілді және ендігі күні екі бағыт бойынша жұмыс атқаратын боламыз. Жоба аясында мемлекеттік және жеке құрылымды жұмылдыра отырып, жоғары оқу орындары мен колледждердің жетім қалған түлектерін жұмысқа орналастыру шешімі жасалды. Бүгін біз осы баларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмысымызды бастаймыз. Біздің бастамамызды көптеген адамдар қолдауда»,-деді Ш.Байманов.
Оның айтуы бойынша, бүгінгі күні 172 кәсіпорын, олардың ішінде «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «Баян Сұлу» АҚ, «Ореал» ЖШС, «ОМЗ» АҚ, Өскеменнің қағаз зауыты, «ҚазПласт» ЖШС, «Мутлу-гипс» ЖШС, Павлодар мұнай-химия зауыты осы бағытта ынтымақтастық жасауға дайын.
«Қазақстанның барлық аймақтарында филиалдары бар ірі компаниялармен келісім жасау жұмыстары атқарылуда»,- деді ол.
ҚР БҒМ мәліметі бойынша, ағымдағы жылы 3600-ден астам жетім қалған жас мамандар, олардың ішінде 2 441-і техникалық және кәсіби білім түлектері және 1 192 жоғары оқу орындарының түлектері оқуларын тәмамдап, жұмыс іздеуге кіріседі. Осыған орай, Ш.Байманов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауын пайдалана отырып, «Жас Отан» барлық 3600 жас мамандарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесетіндігін айтты.





Ботагоз Айтжанова
Фото және видео Азамат Әлімов
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері