ҚР-ғы Франция елшісіне БҚО-ң инвестициялық жобалары таныстырылды

7 Маусым, 2016 11:54
Кәсіпкерлер палатасында БҚО бизнесмендері Француз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Етьен бастаған делегациямен кездесті.

Француз делегациясына инвестициялық жобалар таныстырылды: Орал қаласының әуежайын қайта жаңғырту, индустриалды аймақ құру, күн электр станциясының құрылысы және тағы басқа да жобалар көрсетілді, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП.

«Инвестициялық жобалар жайындағы ақпараттар біздің елдер арасындағы іскерлік байланысты дамыту үшін өте пайдалы болды, деп есептеймін. Мен өз тарапымнан барынша біздің инвесторларды ақпараттандырып, барлық жобаларды көрсететін боламын. Сіздердің кәсіпкерлікті дамыту өңірлік Карталарыңыз көп көмек болады. Біздің бизнесмендер сол арқылы Батыс Қазақстанда ынтымақтастықты дамытудың қандай мүмкіндіктері бар екенін көре алатын болды»,-деді Франция елшісі.

Дипломат сондай-ақ, Қазақстан мен Францияның халықаралық ынтымақтастығын кеңейту мен нығайту үшін француздық дипломатиялық миссияның атқарып жатқан жұмыстары туралы да айтып өтті.

«Біз қазақстандық мамандарды оқытуға мүдделіміз. Бұл оқуды Францияды өткізуді ойластырып отырмыз. Сондай-ақ, сарапшылар мен жаттықтырушыларды Қазақстан аймақтарына арнайы шақырту жолымен де жүргізуге болады»,-деді Ф.Етьен. 

Барлық жаңалықтар