• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тунис БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдайды

Тунис БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдайды

7 Маусым, 2016 11:26
Таяу Шығыс және Африка бойынша Қазақстаның арнайы өкілі, елші Бағдат Амреев Тунис қаласында болып қайтты, ол жерде елші Тунис Республикасының Сыртқы істер министрі Хмаис Әл-Жинауимен кездесу өткізді.

Б.Амреев тунистық сыртқы саясат ведомствосының басшысына ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырыстовтың хатын ұсынды. Хатта екі жақты ынтымақтастықтың мәселелері жазылған, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Әңгіме барысында Мысырдағы Қазақстанның елшісі және Тунис бойынша бір мезгілдегі елші Берік Арын және Тунистің СІМ-нің бірнеше департамент меңгерушілері түрлі салада ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын талқылады, сонымен қатар БҰҰ аясында және басқа да халықаралық ұйымдарда.

Х. Аль-Жинауи  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өткізіліп жатқан ішкі және сыртқы саясатқа жоғары баға берді. Ол өз сөзінде қазақстандықтардың саясаты елінің тұрақты және бейбітшіл дамуын қамтамасыз ететіндігін және халықаралық аренада үлкен құрметке ие екендігін айтып өтті. Сонымен қатар, Тунис СІМ басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдайтындығын айтып өтті. 

Барлық жаңалықтар