• Басты
  • ҰБТ-ның 5 күнінің нәтижесі бойынша орташа балл 80,1 құрады- ҚР БҒМ

ҰБТ-ның 5 күнінің нәтижесі бойынша орташа балл 80,1 құрады- ҚР БҒМ

7 Маусым, 2016 11:09
ҰБТ-ның 5-ші ағымы 4 тестілеу пунктерінде өткізілді. Тестілеуге қатысуға өтініш жазған 6339 түлектің 6153 тестілеуге қатысты (97%). Олардың 5168 қазақ, 985 орыс тілінде, деп ҚР БҒМ хабарлайды.

Айта кетейік, 5948 рұқсат етілмеген заттар қолданыстан алынды. 2015ж. – 7548.

«Орташа балл – 80,1. 2015 жылы – 77,4. 2015 жылға қарағанда 2,7 баллға көтерілді. 0 балл көрсеткішіне 1121 түлек (18,2%) жете алмады; (2015 ж.- 1701 – 21,9 %). 2015 жылдағыдай 125 баллды ешкім жинай алмады. 100 баллдан жоғары алған түлек саны - 1255 (20,3 %). 2015 жылы – 2674 (18,7%)»,-деп хабарламада айтылған.

Естерінізге сала кетейік, Тестілеу қорытындылары www.testcenter.kz сайтында тестілеу пунктерінде қорытындыларын шығарумен бір уақытта жарияланады.

Барлық жаңалықтар