• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016-шы жылы ҚР 78 млрд. теңгенің 7 инвестициялық жобасын жүзеге асырады – ҚР ИДМ

2016-шы жылы ҚР 78 млрд. теңгенің 7 инвестициялық жобасын жүзеге асырады – ҚР ИДМ

7 Маусым, 2016 10:53
2016-шы жылы Қазақстанда «зәкірлік инвесторлардың» және трансұлттық компаниялардың қатысуымен 78 млрд. теңгенің 7 жобасы жүзеге асырылмақ. Олардың қатарында фармацевтика, тау-кен металлургиялық кешені, химиялық өндіріс, құрылыс материалдарын шығаратын жобалар бар. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне жіберген хабарламасында айтылған.

«Инвестиция тарту мақсатында инвестициялық ахуалды жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, инвесторлармен жұмыс істеу жүйесі күшейтілді. ҚР Премьер-министрі жанынан Үкіметтікм кеңес құрылды. Бұл кеңес ірі инвестициялық жобаларды трансұлттық компаниялардың қатысуымен жұмысты үйлестіретін болады»,-делінген хабарламада.

Сонымен қатар, әкімдердің жетекшілігімен жергілікті деңгейде инвестиция тарту Кеңесі де құрылды. Онда жүйеге қосу, инфроқұрылым, жерге қолжетімділік жасау сияқты тетіктер іске қосылады. Сыртқы істер министрлігімен басымдық берілетін 10 ел нақтыланды. Олардың қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Оңтүстік Корея, Иран, Жапония, Германия, Франция, ҚХР және Индия.

Жалпы бүгінгі таңда Қазақстанға 30-ға жуық ТҰК тартылды. Олар: General Electric, Toyota Motor, Chevron, Total, Airbus Group, BASF, Hyundai Motor, Sanofi, Rio Tinto, Posco, Danone, KIA Motors, Linde, HeidelbergCement, Alstom, Thales, Keppel Corp, ThyssenKrupp Group, Metro Group, Solvay, LG Electronics, Peugeot, AES, Areva, Sumitomo Metal Mining, Anadolu Efes, Flowserve, LS Corp, Cameco).

2015 жылы зәкірлік инвесторлар мен ТҰК-ң қатысуымен жалпы құны 113 млн доллар болатын 4 жаңа өндіріс ошағы пайдалануға берілді.

«Ал, 2016-шы жылы 2016-шы жылы Қазақстанда «зәкірлік инвесторлардың» және трансұлттық компаниялардың қатысуымен 78 млрд. теңгенің  7 жобасы жүзеге асырылмақ. Олардың қатарында фармацевтика, тау-кен металлургиялық кешені, химиялық өндіріс, құрылыс материалдарын шығаратын жобалар бар»,-делінген хабарламада.

Ботагоз Айтжанова

Барлық жаңалықтар