«Астық қоймаларының» астық базалары 45 мың тоннаға жуық астықты қабылдады

7 Маусым, 2016 10:37
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «Астық қоймалары» ЖШС астық базалары 2016 жылдың қантар-мамыр кезеңінде 44,2 мың тонна астықты қабылдады.

2015 жылдың есептік кезеңінде астық базалар 19 мың тоннадан астам астықты қабылдады.

Сонымен қатар, хабарламада 2016 жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша «Ақ Бидай-Терминал» АҚ Ақтау қ. кемежайына астық терминалы арқылы 356,8 мың тонна астық аударылғандығы айтылған.

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде аталмыш көрсеткіш 170 мың тонна астықты құрады. 

Барлық жаңалықтар