- Басты
- Жаңалықтар
- Хорватияда Қазақстанға екі паромдық кеме жасалады
Хорватияда Қазақстанға екі паромдық кеме жасалады
Маңызды құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен «Ульяник» компаниясының бас директоры Джанни Росанда Хорватия Республикасының президенті Колинды Грабар-Китаровичтің қатысуымен қол қойылды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүк ағынын өсіру мақсатында ұлттық көліктік инфрақұрылымды дамытуға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ауқымды шараларды жүзеге асыруда.
Каспийде еліміздің транзиттік әлеуеттін арттыру мақсатында Құрық портында паром кешені құрылысы жүргізілуде.
«Қазіргі таңда біз Әзербайжан, Грузия, Түркия, Қытай секілді серіктестерімізбен бірігіп, Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк ағынын өсіруді қолға алып отырмыз. Аталмыш бағдарды дамыту халықаралық сауданың артуы мен логистикалық қызметтің сапалы дамуына септігін тигізеді. Ол үшін мультимодальдық жүк тасымалын атқару үшін бізге қазіргі заманғы паромдар қажет»,-деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин.
Каспий айдынымен темір жол вагондарын тасымалдайтын Хорватия кәсіпорнынан шығарылатын екі паром кемесі ерекше болмақ. Себебі хорватиялық өзіндік кәсіпорынның бұл өндіріс түрімен айналысып, кеме жасап жатқанына 160 жыл болыпты.
«Ульяник» кеме жасау компаниясының бас директоры Джанни Росандының айтуынша, Қазақстан әлемдік нарықтың үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын серіктестік орнатылған маңызды мемлекеттерінің бірі. Сондықтан да бұл елге арнайы жоғары сапалы кеме жасалып қана қоймай, алдағы уақытта кеме жасауға қажетті соңғы үлгідегі технология да жеткізілетін болады.
Қазақстан өз құрғақ жүк флотын құрып қана қоймай, жеке кеме жасауды да жүзеге асырып, сол арқылы теңізбен жүк тасымалдап, еліміздің көліктік-логистикалық әлеуетін көтеріп, экономиканың дамуына да оң ықпал ететін болады.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ -
Жер реформасы бойынша комиссия құрамы бекітілді -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Пандемияға бір жыл: Қазақстанға қалай әсер етті -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
Антикор: Жыл басталған екі ай ішінде 48 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталды -
Түзету мекемелерінде сотталғандармен жұмыс қалай жүргізіледі